«Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» («Аләқ» сүресі, 1-аят)

«Халал – шариғат талабы» кітабы жарық көрді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Халал – шариғат талабы» кітабы көпшілік оқырманға жол тартты.

Кітаптың танытымына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, «MUFTIYAT» баспасының директоры Мұрат Манапұлы, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы және орталық аппарат қызметкерлері қатысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұл еңбекте халал мен харамға қатысты маңызды ақпараттар мен анықтамалар берілгендігін және де өнім өндіру технологиясының дамуына байланысты түрлі күмәнді әрі зиянды өнімдерден сақтану жолы ұсынылғандығын айта келе, «Халал – шариғат талабы» кітабының да оқырмандардың көңілінен шығарына сенім білдіріп, «Халал Даму» және «MUFTIYAT» баспасының ұжымына алғысын жеткізді.

Айта кетейік, «Халал – шариғат талабы» – «MUFTIYAT» баспасынан шығып отырған халал турасындағы алғашқы анықтамалық құрал. Еңбек авторы – «Халал Дамудың» бас сарапшы технологы Айжан Омарова.

\