«Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» («Аләқ» сүресі, 1-аят)

Арабша кітаптар

Мухтасар әт-Тахауи / مختصر الطحاوى

Авторы: Әбу Жағфар Ахмад ибн Мухаммад ибн Сәләмә әт-Таухауи (321 һ.).

Бұл кітап – Ханафи мәзһабындағы алғашқы ықшамдалып жазылған әрі негізге алынатын мәтіндердің бірі. Кітапта басқа мәтіндерде кездеспейтін көптеген мәзһабтағы негізге алынатын мәселелер мен риуаяттар қамтылған.

Имам әт-Тахауи кітапты өзінің нағашысы шафиғи мәзһабының ғалымы әл-Мәзәнидің «Мухтасары» тәртібімен жазып, өзге фиқһ кітаптары тәрізді тазалық, намаз, зекет, ораза, қажылық т.б. 53 тақырыпты қамтыған. Фиқһи мәселеге қатысты мәзһабтың үлкен имамдары Әбу Ханифа, Әбу Юсуф, Мұхаммедтің көзқарастары мен негізге алынатын пікірлерді келтірген. Ал басқа мәзһабтың пікірі мен дәлелдері өте аз қамтылған.  

Кітап университетте, медреселерде оқып жатқан «Исламтанушы» студенттерге арналған.

\