«Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» («Аләқ» сүресі, 1-аят)
Электронды кітапхана
Бидаяту әл-мубтәди / بداية المبتدي
Авторы: Бурхануддин Әбу әл-Хасан Әли ибн Әбу
Бәкір ибн Әбдужалил әл-Фарғани әл-Марғинани (593 һ.).
Автор бұл кітапты имам Мухаммадтың «әл-Жәмиғ
әс-сағир» кітабы мен «Мухтасар әл-Қудириден» жинақтаған. Бірақ тақырыптар тәртібі
«әл-Жәмиғ әс-сағир» негізінде реттелген. Негізгі мәселелер осы екі кітаптың
төңірегінде өрбиді. Тек қажеттілік жағдайда ғана кейбір мәселелер қосылған.
Кітапта имам Әбу Ханифа, имам Әбу Юсуф және имам Мухаммедтің пікірлері
қамтылып, дәлелдері серек келтірілген.
«Бидаяту әл-мубтәди» екі маңызды мәтінді
қамтығаны үшін өте құнды кітап саналады. Автордың өзі мәзһабта көзқарастардың
ішінен дұрысын таңдап, баға бере алатын «әһлі әт-тәржих» санатынан есептеледі.
Кітап университетте, медреселерде оқып жатқан
«Исламтанушы» студенттерге арналған.