«Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» («Аләқ» сүресі, 1-аят)
Электронды кітапхана
Кәнзу әд-дәқаиқ / كنز الدقائق
Авторы: Имам Әбу әл-Бәракат Хафизуддин
ән-Нәсафи (710 һ.).
Бұл кітап – имам ән-Нәсәфидің «әл-Уәфи»
еңбегінен ықшамдалған қысқа мәтін. Мәтінде көп кездесетін әрі көп қайталанатын мәселелер
мен сол заманда туындаған жағдаяттардың пәтуалары қамтылған. Кітапта мәзһабтағы
амал етілетін негізгі пәтуалар мәтін ретінде келген. Тартысты мәселелер мен
дәлелдер жазылмаған.
Бұл кітап ханафи
мәзһабының соңғы буын ғалымдарының көп сүйенетін әрі қолданатын мәтіндердің
бірі. Тіпті қолданыс және атақтылығы жағынан «Мухтасар әл-Қудириден» кейін
екінші орында тұрады. Бұл мәтінге қатысты көптеген ғалымдар түсіндірме, шарх
жазған.
Таш Кубри Задаһ: « Бұл кітап – негізге
алынатын мәтіндердің бірі» – десе, Ибн Нужәйм оны ханафи фиқһ кітаптарындағы ең
қысқа әрі көркем жазылған мәтін деп сипаттаған.
Кітап университетте, медреселерде оқып жатқан
«Исламтанушы» студенттерге арналған.