«Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» («Аләқ» сүресі, 1-аят)

Арабша кітаптар

Мултақа әл-Абхур лил-Халаби /ملتقى الأبحر للحلبي

Авторы – Ибрахим ибн Мухаммад ибн Ибрахим әл-Халаби  (956 һ. қ.)

Бұл кітап – Ханафи мазхабында негізге алынатын төрт мәтінді атап айтқанда: «Мухтасар әл-Қудури», «Уиқаяту әр-Риуая», «Мухтар лил-Фәтуа» және «Канз әд-Дақаиқ» кітаптарын қамтиды. Сонымен қатар маңызды мәселелерді «Мажмағ әл-Бахрайн» мен «Әл-Хидая» кітаптарынан да қосқан. Кітап жеңіл әрі ашық түсінікті етіп жазылған. Тақырыптары мен тараулары «Жамиғ әс-Сағир», «Бидаяту әл-Мубтади» кітаптары негізінде жүйеленген.

Автор мәзһаб имамдары арасындағы пікір-таласты әрі негізге алынатын мәселелерді келтірген. Ал дәлелдерге тоқталмаған. 

«Мултақа әл-Абхур» мәтін ретінде ең пайдалы және абзал саналатын кітаптар қатарына жатады. Көптеген ғалымдар бұл кітапқа жоғары баға беріп, мадақтаған. Түсіндірме (шарх) жазып, жиі қолданған. Имам әл-Хаскафи осы кітап жайлы былай дейді: «Бұл кітап кең тараған әрі оған үлкені бар, кішісі бар барлық адамдар жүгінген еңбектің бірі» (Дуррул-Мунтақо 1/4).

Кітап университетте, медреселерде оқып жатқан «Исламтанушы» студенттерге арналған.

\