«Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» («Аләқ» сүресі, 1-аят)
Электронды кітапхана
Әл-Ихтияр. 3-том / الإختيار لتعليل المختار
Авторы: Абдулла ибн Махмуд ибн Маудуд әл-Маусили
әл-Ханафи (667 һ. қ.)
Бұл кітап «әл-Мухтар ли әл-Фатуа» мәтініне жазылған қысқаша (шарх) түсіндірме. Кітапта мәтінде қозғалған мәселелерді
ашықтап, имам Әбу Ханифа, Әбу
Юсуф, Мухаммед және Зуфарлардың пікірлері келтіріліп, мәзһабтағы негізге алынатын көзқарас айтылады. Сондай-ақ кейде
имам Мәлік пен имам Шафиғидің
пікірлеріне де тоқталады.
«Әл-Ихтияр» кітабы – автордың сенімді ғалымдардың пікірлерін, дәлелдерін келтіруге аса мән беруіне байланысты өте маңызды. Имам әл-Ләкнауи: «Бұл екі еңбек (мәтіні мен шархы) фиқһ ғалымдары негізге алатын ерекше кітаптардың бірегейі. Авторы өз заманының фақиһі, мәзһабтың әлемге танылған ұлы ғалымы, жазған еңбектері де шартарапқа кеңінен таралған. Ол кісіден сабақ алу үшін жан-жақтан шәкірттер жиналатын еді», - деген.
Кітап университет, медреселерде оқып
жатқан исламтанушы
студенттерге арналған.