«Читай во имя твоего Господа, Который сотворил все сущее» (Сура «Аль-Алак», 1-й аят)

«Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы жарық көрді

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының танытымы өтті. Іс-шараға ғалымдар, жазушылар, тарихшылар, депутаттар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жаңа кітап танытымында бірінші сөз алған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңіз жақсы білесіздер, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы соңғы жылдары дәстүрлі танымдарға ерекше назар аударып келеді. Бабаларымыз ұстанған сара жолды насихаттаудағы басты мақсатымыз – келешек ұрпағымызға ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни құндылықтарымызға негізделген дәстүрлі дініміздің негіздерін жеткізу. Себебі дәстүрлі дінімізбен көкірек көзін суарған жастар жат ағымның жетегінде кете қоймасы анық. Осы салада бірнеше жобалар қолға алынды.

Соның бірі «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын шығару болатын. Бұл еңбекте асыл дініміз исламның Қазақ даласына келу тарихы, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріндегі діннің алар орны мен бабалар ұстанған шариғат парыздары, иман негіздері, сондай-ақ мұсылмандық әдеп жоралғылары қамтылды. Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Дәстүрлі діни танымның тарихи негіздері» деп аталады. Екінші бөлім дәстүрлі діни таным ұстындарына арналды. Ал үшінші бөлімде дін мен дәстүр сабақтастығы кеңінен жазылған», – деді.

Іс-шараға қатысқан мемлекет және қоғам қайраткерлері мүфтияттың игі бастамасы жайлы жылы пікірлерін жеткізіп, ізгі ниеттерін білдірді. Басқосу барысында бабалар рухына Құран бағышталып, Бас мүфти арнайы дұға жасады. 

\