«Читай во имя твоего Господа, Который сотворил все сущее» (Сура «Аль-Алак», 1-й аят)
«Ислам энциклопедиясы» кітабы жарық көрді
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген «Ислам энциклопедиясы» кітабы оқырманға жол тартты.
«MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген кітаптың тұсаукесер рәсіміне ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, тарихшы, филолог ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері, Діни басқарма жанындағы Ақсақалдар және Сарапшылар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
«Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы бір сөзінде: «Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет», – деген болатын. Оқырманға жол тартқан «Ислам энциклопедиясы» кітабы – дәстүрлі дініміздің ғылыми-теориялық негізін дамытуға бағытталған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ауқымды жобасының бірі болмақ. Әрине бұған дейін елімізде Ислам діні жайлы түрлі энциклопедиялар жарық көрді. Алдыңғы аға буын бастаған ізгі істі ары қарай жалғап, жетілдіруді қолға алдық. Діни басқарма дайындаған «Ислам энциклопедиясының» ерекшелігі – Ислам дініне арналған еліміздегі алғашқы көптомдық энциклопедия болғалы тұр. Бұйырса бұл еңбектің 5 томын оқырманға ұсынбақпыз. Алла нәсіп етсе, барлық томдары ретімен жарыққа шығып, оқырмандар қолына тиеді деген сенімдеміз» деді Бас мүфти.
Сондай-ақ салтанатты рәсімде ҚР Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров, белгілі ғалымдар Ғарифолла Есім, Дихан Қамзабекұлы, Айгүл Ісмақова ізгі тілегін білдіріп, жаңа еңбек қазақ қоғамына пайдалы болады деген ниетін жеткізді.
Айта кетейік, «Ислам энциклопедиясы» діни сала қызметкерлері мен ізденуші шәкірттер, ғалымдар және жалпы оқырман қауымға арналған.