«Читай во имя твоего Господа, Который сотворил все сущее» (Сура «Аль-Алак», 1-й аят)
«Уақыт және сен» кітабының танытымы өтті
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының
төрағалығымен өткен кіші Төралқа мәжілісінде «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген
«Уақыт және сен» кітабының танытымы өтті.
Кітапта Алла Тағаланың адамзат баласына
берген ең бағалы нығметі – уақыттың қадір-қасиеті жайында мол мағлұмат
берілген. Сонымен қатар уақыттың құндылығы асыл дініміздің призмасымен
қарастырылған.
«Уақыт және сен» кітабында уақыттың
қаншалықты қымбат екені ғибратты оқиғалармен баяндалып, уақытты жүйелеудің
әдіс-тәсілдері де қоса көрсетілген. Сондай-ақ кітап авторы Хамзат Қажымұратұлы
тайм-менеджментке қатысты көптеген пайдалы еңбектерді мысалға келтіріп, олардың
маңызды деген тұстарын оқырманға екшеп ұсынады.