«Читай во имя твоего Господа, Который сотворил все сущее» (Сура «Аль-Алак», 1-й аят)
Электронная библиотека
Әл-Һидая. 1-том / الهداية
Авторы: Бурхануддин Әбулхасан Әли ибн Әби Бакр ибн Әбдужалил әл-Фарғани
әл-Марғинани (593 һ. қ.)
Бұл кітап «Бидаяту әл-Мубтади» мәтінінің қысқартылған (шархы) түсіндірмесі.
Автор алғашқы кезде «Кифая әл-Мунтаһа» түсіндірме (шарх) кітабын жазып бастаған.
Алайда кітаптің көлемі үлкен болғандықтан әрі оқырманға қиын болмау мақсатында осы қысқартқан.
Автор кітапта имам Әбу Ханифа, Әбу Юсуф, Мухаммад және Зуфарлардың
пікірталастарын келтіріп, кейде негізге алынатын пікірге ишара етеді.
Сондай-ақ, имам әш-Шәфиғи мен имам Мәликтің пікірлеріне де тоқталады. Автор
көбіне мәзһабта негізге алынған пікірді бірінші келтіріп, артынша оған қайшы
пікірді айтып, негізге алынатын пікірдің дәлелін келтіріп отырады.
Бұл кітап Ханафи мәзһабын ұстанушылар арасында оқу және оқыту жағынан ең
атақты әрі ең көп қолданыстағы кітаптардың бірі. «Әл-Банури: «Төрт мәзһаб
ішінде «әл-Һидая» кітабына қызмет көрсетілгендей кітап жоқ, көптеген фиқһ
ғалымдары, мухаддистер бұл кітапты жан-жақты зерттеп түсіндіруге тырысқан.
«Әл-Һидая» кітабының әлемге танымал болуының тағы бір себебі, автор кітапта
ғалымдардың пікірлерін, дәлелдерін келтіруде өте көп күш жұмсап, келтірген
пікірлердің сенімділігіне аса мән берген.
Кітап университетте, медреселерде оқып жатқан исламтанушы студенттерге арналған.