«Читай во имя твоего Господа, Который сотворил все сущее» (Сура «Аль-Алак», 1-й аят)
Электронная библиотека
Радду әл-Мухтар. 3-том / رد المحتار
Кітаптың толық атауы: Радду әл-Мухтар алә әд-Дурри әл-Мухтар шарх тәнуир әл-әбсар / رد المحتار على الدر المختار شرح تنوير الأبصار
Авторы: Мұхаммед Әмин ибн Омар ибн Абидин
Бұл кітап имам Хаскафидің «әд-Дурру әл-Мухтар» кітабына жазылған танымал хашияның қатарына кіреді. Автор аталмыш кітаптағы кейбір сөз тіркестерін түзеткен, белгі және нұсқауларын ашықтап, күрделі, қиындық тудырған мәселелерді ретке келтірген.
Ибн Абидин кітабына маңызды тармақты мәселелерді және болашақта орын алатын мәселелерді жауабымен бірге қосты. Еңбектің басқа кітаптардан айырмашылығы пәтуа, түсіндірме кітаптарында жіберілген қателерді ескертіп өтеді. Сұрақтардың жауабын беруде дін негіздеріне сүйеніп, мәзһабтағы қуатты негізге алынатын пікірді баяндайды. Ханафи мәзһабындағы танымал соңғы буындағы ғалымдардың пәтуаларына сүйеніп, дұрыстығы басым болған үкімдерді келтіреді.
Айта кететін мәселе, автор әуелі хашияны дәптерге жазып, кейін кітапқа түсірді. «Қазылық» бөлімін аяқтап қалғанда қайтыс болып, толық кітапқа түсіріп үлгермеді. «әд-Дурру әл-Мухтар» кітабына жазылған түсіндірмелері, ескертпелері, қайшы пікірлері бар нұсқасын қалдырды. Оны баласы Мұхаммед Алә әд-Дин толықтырды.
«Радду әл-Мухтар» кітабы – Ханафи мәзһабындағы ғылыми талданған, дұрыс пікірді көрсете білген соңғы еңбек. Бұл кітапқа сүйенбей Ханафи мәзһабында пәтуа берілмеген.
Кітап университетте, медреселерде оқып жатқан исламтанушы студенттерге, ғылым жолындағы ізденушілерге арналған.




