«Читай во имя твоего Господа, Который сотворил все сущее» (Сура «Аль-Алак», 1-й аят)

Книги на арабском

Бәдәиғ әс-Санаиғ. 5-том / بدائع الصنائع

Кітаптың толық атауы: Бәдәиғ әс-Санаиғ фи тәртиб әш-Шараиғ / بدائع الصنائع في ترتيب الشرائع

Авторы: Имам Алауддин әл-Кәсәни

Бұл кітап «Тухфату әл-Фуқаһә» мәтінінің түсіндірмесі саналады. Автор бөлімдерді, мәселелерді ретке келтіруде аталмыш мәтінге жүгінген. Кітаптың бөлімдері көпшілік түсіндірме жазушы ғалымдардың жүйесінен өзгеше, автор тақырыптардың орындарын алмастырып, жаңа тақырыптар енгізген. Ораза бөлімі ішінен иғтикафты алып жеке тақырып етіп, қажылық бабынан кейін бірден неке бабын қойды.

Имам әл-Кәсәни еңбегінде дәлелдерді, ғалымдардың пікірлерін жан-жақты ашықтау арқылы жазған. Сондықтан ханафи мәзһабы бойынша энциклопедия есебінде және маңызды жүгінілетін қайнаркөз қатарында. Автор хадис, әсәрлардың дәрежелерін баяндамады және пайдаланған әдебиеттерді де сирек келтірді.

Имам әл-Кәсәни ханафи мәзһабының беделді, құрметті фақиһ имамдарының қатарына кіреді, оған «ғалымдардың патшасы» деген лақап ат та берілген.

Еңбекке Ибн Абидин былай баға берген: «Бұл еңбектің құны жоғары, кітаптарымыздың арасында осы кітапқа тең келетінін көрмедім».

Кітап университетте, медреселерде оқып жатқан исламтанушы студенттерге арналған.

\